Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АЛМАТЫДА «АТАЛАР МЕКТЕБІ» ҚҰРЫЛДЫ

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 24.05.2023 1863 0 пікір
АЛМАТЫДА «АТАЛАР МЕКТЕБІ» ҚҰРЫЛДЫ

ҚМДБ жылдық жоспары аясында Алматы өкілдігінің ұйымдастыруымен бұқара халыққа және жастарға ақыл-кеңес айтатын «Аталар мектебі» құрылып, арнайы семинар өтті.

Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында бірқатар іс-шаралар өткізіп, жаңа бастамалар мен игі кездесулер ұйымдастырып келеді. Сондай іс-шараның айтулысы шаһар ақсақалдарынан құралған «Аталар мектебі» құрамы бекітіліп, Орталық мешітте алғашқы басқосуы өтті.

«Өнегелі ұрпақ тәрбиесі мен қоғам жастарына насихат айтып, қазыналы қария сөзімен елді ауызбіршілік пен тұтастыққа тәрбиелейтін аталар мектебі ізгі қоғамның игі бастамасы болары сөзсіз», - деп, бір ауыздан қолдау танытты алматылық ақсақалдар алқасы.  

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру