Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАНТ мүшесі – Маңғыстау өңірінде

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 15.05.2023 1617 0 пікір
РАНТ мүшесі – Маңғыстау өңірінде

Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі Ғазиз Ахмет Маңғыстау облысында іссапармен болды.

РАНТ мүшесі өз іс-сапарын Ақтау қаласында өткен Ержан хазірет Төлегенұлын еске алуға арналған қазақ күресінен жарыстың ашылу салтанатына қатысудан бастады. Осыдан кейін Ғазиз Нұртайұлы Ақтау қалалық «Бекет ата» және «Ержан Хазірет» мешіттерінде уағыз-насихат айтты.

Іс-сапардың екінші күні Ғазиз Нұртайұлы Маңғыстау облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты түзету мекемесіне барып, жазасын өтеуші азаматтармен кездесті. Осыдан кейін, РАНТ мүшесі Қарақия аудандық мешітінде «Мұсылманның ақысы» тақырыбында уағыз айтып, ақшам мен құптан намаздарының арасында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің жамағатымен жүздесті.

Жұмыс сапарының соңғы күнін ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен іске асып жатқан «Darhan Dala» жобасы аясында Ғазиз Нұртайұлы және жергілікті дін қызметкерлері «Шопан ата» жерасты мешіті мен Оғыланды тауындағы «Бекет ата» мешітіне зиярат жасады.

Қорытынды шара аясында Ғазиз Нұртайұлы Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінде болып, құлшылық үйіне жиналған көпшілікке Ихсан ұғымы, ауызбіршіліктің маңыздылығы жайлы уағыз айтып, салихалы ойларымен бөлісті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру