Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: Республикалық Құран байқауына іріктеу өтті

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі yassi.kz 15.05.2023 1385 0 пікір
Түркістан: Республикалық Құран байқауына іріктеу өтті

Түркістан облысының бас имамы Ержан Сматұлының ұйымдастыруымен қыздар арасында Құран Кәрімді жатқа оқудан республикалық байқаудың іріктеу сайысы өтті.

Оған Түркістан облысы мен көршілес облыстардан 50 тарта үміткер ұсыныс берді. Іріктеу кезеңі 4 номинация бойынша өтіп, жеңімпаздарға республикалық сайысқа жолдама табыс етілді. 5 пара бойынша жолдама Хасияткулова Мадинаға (70 000), екінші орын Рустамова Муяссарға (60 000), үшінші орын Огаликова Артықайға (50 000) бұйырды. 10 пара бойынша жолдама Хикматуллаева Хожихонға (100 000) табыс етілді. 20 пара бойынша жолдама Абдилазиз Ханифаға (150 000), екінші орын Омарбекова Аружанға (120 000), үшінші орын Құлмахамбет Асылайымға (100 000) табысталды. 30 пара бойынша жолдама Ержігіт Сымбатқа (200 000), екінші орын Абдуллаева Дилдораға (180 000), үшінші орын Бакуллаева Сакинаға (150 000) табыс етілді.

Сондай-ақ жарысқа қатысқан қыздар мен ұстаздарға ынталандыру сый-сыяпаттары тарту етілді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру