Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АЛМАТЫ ИМАМДАРЫНА АТТЕСТАТТАУ БАСТАЛДЫ

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 15.05.2023 2944 0 пікір
АЛМАТЫ ИМАМДАРЫНА АТТЕСТАТТАУ БАСТАЛДЫ

Бүгін Алматы қаласының Орталық мешітінде дін қызметкерлерінің республикалық аттестаттау басталды.

Шаһардағы елу төрт мешітте қызмет ететін имамдар мен ұстаздар қауымы сараптау комиссиясының сынынан өтіп, өз білімі мен біліктілігін көрсететеді. Сынақ барысында дін қызметкерлеріне қырағат, тәжуид,ақида, фиқһ, Ислам тарихы салалары бойынша сұрақтар топтастырылған билеттер ұсынылды.

Дін қызметкерлерінің білімін сараптап, біліктілігін бағалау үшін ҚМДБ қызметкерлерінен құралған комиссия мүшелері қосымша тапсырмалар беріп, мешіт ережесі, концептуалды құжаттар мен басқа да әкімшілік сауалдар арқылы біліктілік деңгейін анықтайды. 

Айта кетейік, Алматы қаласы бойынша дін қызметкерлерінің білімін сараптауға арналған республикалық аттестация үш күнге жалғасады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру