Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамбыл: Қыздар арасында облыстық Құран сайысы өтті

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 12.05.2023 1339 0 пікір
Жамбыл: Қыздар арасында облыстық Құран сайысы өтті

Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінде қыздар арасында Құранды жатқа оқудан ІІІ республикалық байқаудың іріктеу кезеңі өтті.

Игі шара қасиетті Құран аяттарымен ашылып, Тараз қаласының бас имамы Ержан Аманбаев кіріспе сөз сөйледі. Сайысқа қатысушы қыздарға сәттілік тілеп, Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевтың сәлемін жеткізді. 

Қыздардың Алланың кәләмін оқудағы сауаттылығын, даусы мен махраджын, мақамын тексеріп, үздіктерді анықтау үшін құрылған әділқазы алқасының құрамында дінтанушы, PhD докторант, «Кеңесхан қажы» мешітінің ұстазы Зейнеп Жәдіргерқызы мен «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы Жібек Қолағұлова, «Әулие ата» мешітінің ұстазы Мурват Аңсарова болды. 

Бірінен бірі асып түскен жастар арасынан оқ бойы озып шығып, қыздар жүлделі  орындарды иеленді. Барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтар табысталып, басты жүлдегерлер қаржылай сый-сыяпат алды. Қыздар облыс бас имамы Бейбіт Әліпбекұлының алғыс хаттымен марапатталды. 

Ал аталмыш іріктеу сайысында үздік шығып, 1-орыннан көрінгендер  Республикалық қыздар арасынданғы Құран сайысына жолдама алды. Атап айтсақ: 

5 пара - Сунейна Хусей

10 пара - Айша Махунова

20 пара - Мадина Алпысбаева 

30 пара - Жәмилә Хусей

Айта кетейік, жарысқа 10-12 жас аралығындағы жеткіншектер қатысты. Алла ілімді, қари қыздарымыздың қатарын арттырсын! 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру