Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жетісу: «Әдеп кеңесі» құрылды

Жетісу облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі taglym.kz 28.04.2023 1136 0 пікір
Жетісу: «Әдеп кеңесі» құрылды

ҚМДБ Жетісу облыстық өкілдігінде имамдардың қызметтік міндеттерін кәсіби әрі жауапкершілікпен атқаруы мен діни қызмет барысында әдеп ережелеріне сай қызмет етуін жүйелеу мақсатында «Әдеп» кеңесі құрылды.

2021 жылы Бас мүфти Науызбай қажы Тағанұлының бастамасымен ҚМДБ жанынан «Әдеп» кеңесі құрылған болатын. Кеңес – діни қызметкердің дін мен діни басқарма мүддесін қорғауға, өз қызметтік міндеттерін әділ әрі жауапкершілікпен атқаруға, кәсіби біліктілігін ұдайы арттырып отыруға тағы басқа да діни қызметтегі әдеп пен этиканы сақтауын қамтамасыз етеді.

Мүфтият қалалық және облыстық мешіттерден аталмыш кеңестің жауапты мүшелерін бекітіп, мешіттердегі діни рәсім мен діни қызметтің сапасын арттыруды тапсырған болатын. Осыған орай, бас имам Алмас Сағидоллаұлы облыстық мешіттің жанындағы «Әдеп» кеңесінің бекітілген құрамын қала имамдарына таныстырып, олардың атқаратын қызметіне тоқталды.

Алдағы уақытта жоспарға сай атқарылар шаралар легімен таныстырды және бірауыздан осындай игі шараға ыждағаттылықпен қамқор болып жұмыстануға шақырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру