Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматыда «Әдеп кеңесі» құрылды

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 25.04.2023 1577 0 пікір
Алматыда «Әдеп кеңесі» құрылды

Алматы қаласында имамдардың қызметтік міндеттерін кәсіби әрі жауапкершілікпен атқаруы мен діни қызмет барысында әдеп ережелеріне сай қызмет етуін жүйелеу мақсатында «Әдеп» кеңесі құрылды.

2021 жылы Бас мүфти Науызбай қажы Тағанұлының бастамасымен ҚМДБ жанынан «Әдеп» кеңесі құрылған болатын. Кеңес – діни қызметкердің дін мен діни басқарма мүддесін қорғауға, өз қызметтік міндеттерін әділ әрі жауапкершілікпен атқаруға, кәсіби біліктілігін ұдайы арттырып отыруға тағы басқа да діни қызметтегі әдеп пен этиканы сақтауын қамтамасыз етеді.

Муфтият қалалық және облыстық мешіттерден аталмыш кеңестің жауапты мүшелерін бекітіп, мешіттердегі діни рәсім мен діни қызметтің сапасын арттыруды тапсырған болатын.

Осыған орай, бас имам Төлеби Дәділұлы Алматы Орталық мешіті жанындағы «Әдеп» кеңесінің бекітілген құрамын қала имамдарына таныстырып, олардың атқаратын қызметіне тоқталды.

Комиссия мүшелері ретінде төмендегі қызметкерлер бекітілді:

- Бекмұратов Байұзақ Орынбасарұлы (комиссия төрағасы);

- Дәулетияр Сағитжан Әріпұлы (комиссия мүшесі);

- Сыздықов Бекзат Оқапұлы (комиссия мүшесі).

«Алып шаһар Алматы қаласында 54 мешіт және 250-ден астам діни қызметкер бар. Әдеп кеңесі – муфтият бекіткен «Мешіт имамдарының қызметтік әдебі» ережесіне сай мешіттердегі діни қызмет пен діни рәсімдердің орындалу барысы мен имамдардың өз қызметіне жауапкершілікпен қарауын қадағалайтын болады», - деп атап өтті бас имам Төлеби Оспан өз сөзінде.   

 

  

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру