Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Бас имам студент жастармен кездесті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 24.04.2023 1157 0 пікір
ШҚО: Бас имам студент жастармен кездесті

Діни қызмет аясында жарияланған «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясындағы жоспарға сәйкес Өскемен өңірінің бас имамы Ермек Қасболатұлы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Техникалық университетінде болып, жастармен кездесу өткізді.

Кездесу жастар тәрбиесі және болашақ тақырыбында өтіп, оған студенттер мен оқытушылар қатысты. Басқосуда Ермек Қасболатұлы рухани құндылықтардан тәлім тәрбиелік маңызы зор, ұлтымыздың салт-санасымен ұштасқан тағылымды тамаша әңгімелер айтты.

«Студенттер алғашқы адамгершілік қасиеттерді де, еңбек әліппесінің бірінші парақтарын да өз үйінде ашады. Осы тұрғыда, студенттерді саналы азамат, ұлт  болашағының темірқазығы ретінде тәрбиелеу – біздің еншімізде. Сол жүктелген міндетті атқару, сондай-ақ жастардың бойындағы ұлттық кодты ояту мақсатында қазақ халқында сонау ежелгі заманнан бері өзіндік тәрбие мектебі, қалыптасқан дәстүрі болған. Ал сол дәстүр отбасында басталып, университетте берілетін тәрбиемен қалай  ұштасады. Алтын бесік – отбасы болса, қасиетті қара шаңырақ, алтын ұя – университет. Екеуі де қасиетті, әрі қастерлі. Себебі отбасы адамды дүниеге әкеліп, қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп жатса, университет ақылы мен білімі толысқан, жан-жақты жетілген, өз бетімен өмір сүруге бейім, толыққанды адам етіп тәрбиелеп шығарады» деп бас имам ерекше атап өтті.

Кездесу барысында Жастар қауымы өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, бас имам оларға жауап берді. Дін мен дәстүр аясындағы кездесу емен-жарқын ашық диалогта өтті. Жүздесуді ұйымдастырушылар тәлімдік жүздесу үшін бас имамға алғыс білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру