Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Қыздар арасында ІІІ республикалық байқауға іріктеу өтті

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 24.04.2023 1856 0 пікір
Шымкент: Қыздар арасында ІІІ республикалық байқауға іріктеу өтті

Шымкент қаласында Құран Кәрімді жатқа оқудан қыздар арасында ІІІ республикалық байқаудың іріктеу кезеңі өтті.

Іріктеу сайысына Шымкент қаласы орталық мешітінің наиб имамдары Қазыбек Сарыбаев, Мұхамеджан Естеміров арнайы қатысып, бас имам Бақдәулет Нұрматұлының құттықтау сәлемін жеткізді.

Облыстық сынға 35 қари қыздарымыз қатысты. Сайысқа қалалық Әйел-қыздар секторының жетекшісі Балжан Досжан және әйгілі әл-Азһар университетінің түлегі Зоя қари Жекейхан, Айгүл қари Маканова, Диана қари Жақсын және Тахмина қари Датха сынды қари-ұстаздарымыз төрелік етті.

Қатысушылар төрт аталым негізінде жарысқа түсіп, нәтижесі төмендегідей болды:

 

30 пара:

1-орын:Әбдухай Мадина

2-орын:Амангелді Арайлым

 

20 пара бойынша:

1-орын: Сайдинабиева Омина

2-орын: Жарылқап Қасиет

3-орын: Мухтарханова Хайринсо

 

10 пара бойынша:

1 -орын:Тұрғанбек Алтынай

2-орын: Садық Каусар

3-орын: Дулатбекқызы Раушан

 

5 пара бойынша:

1-орын Сабурова Манзура

2-орын:Эшмахамметова Юлдуз

3-орын:Нұрлыбек Ясмин

Жарыс соңында бірінші орын иегерлеріне елордада Құран Кәрімді жатқа оқу бойынша Қыздар арасында өтетін ІІІ респрубликалық байқауға жолдама берілді. Жалпы барлық қатысушыларға алғыс хат пен кәде-сыйлықтар табысталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру