Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінде «Рамазан қоржыны» таратылды

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 28.03.2023 1698 0 пікір
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінде «Рамазан қоржыны» таратылды

Қасиетті Рамазан айының алғашқы аптасында Павлодар облыстық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде көмекке мұқтаж отбасыларға күнделікті қолданылатын азық-түлік салынған 100 қорапша таратылды. 

Аталмыш көмек ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры және жергілікті имамдардың ұйытқы болуымен берілді. «Рамазан қоржыны» деп аталған бұл қайырымдылық науқанға мешіттің пітір-садақасына түскен қаражат жұмсалды және «Сауап» еріктілер тобы да өз үлесін қосты.

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында осындай қайырымдылық шаралары  қалалық және аудандық мешіттерде жиі ұйымдастырылмақ.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру