Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Мешітте зияткерлік сайыс өтті (Видео)

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 02.12.2022 2422 0 пікір
Алматы: Мешітте зияткерлік сайыс өтті (Видео)

Алматы Орталық мешітінің ұйымдастыруымен шәкірттер арасында «Білімді мыңды жығар» зияткерлік сайысы өтті.

Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен өткен білім сайысына өкілдікке қарасты аудандық мешіттерден ерлер арасында іріктелген шәкірттер командасы бақ сынасты. Интеллектуалды куиз ойыны арқылы өткен білім сайысы қызықты әрі тартысқа толы болды.

Алматы Орталық мешітінде өткен білім сайысы Azan.kz ютуб каналы арқылы тікелей эфирде көрсетілді. 5 шәкірттен құралған 8 команда арасынан әділ қазы алқалары үздік үштікті анықтады. Жүлделі ІІІ орын – 100 000 теңгені Әуезов ауданы атынан сайысқа түскен шәкірттер иеленсе, ІІ орын – 200 000 теңге сыйақыға Наурызбай ауданының шәкірттері лайықты деп табылды. Ал жүлделі І орын – 300 000 теңге Алматы Орталық мешітінің атынан шыққан шәкірттерге бұйырды.

«Білім сайысын өткізудегі мақсат – өскелең ұрпаққа Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірін насихаттап, жастар арасында ислам тарихын терең меңгеруге жетелеу. Жастарды ұйымшылдыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеуді осындай білім сайыстары арқылы жүзеге асыру тиімді болмақ» деді қаланың бас имамы Төлеби Оспан.

Сондай-ақ бас имам сайысқа қаржылай демеушілік көрсеткен кәсіпкер Жасұлан Айтмұхамедұлына алғыс хат табыстап, кәсібіне береке тілеп ризашылық көңіл білдірді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру