Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкентте «Жарасымды жанұя» семинары өтті

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі 06.10.2022 2160 0 пікір
Шымкентте «Жарасымды жанұя» семинары өтті

Шымкент қаласындағы «Әкбар қажы Шәкірбай» мешітінде дін мен дәстүр сабақтастығы аясында «Жарасымды жанұя» рухани семинары өтті.

Семинарға Шымкент қаласы бас имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміров, әл-Фараби аудандық мешіттің бас имамы Ахметжан Керімбек,  «Бибісара ана» мешітінің имамы Самат Анарбаев,  «Тасбау Сәлімбай» мешітінің имамы Дансейіт Қалменов, «Әкбар қажы Шәкірбай» мешітінің имамы Сапарғали Абдуқайымов және үлгілі отбасы мүшелері қатысты.

Игі шара әл-Фараби аудандық мешіттің наиб имамы Исмаил Пановтың қасиетті Құран оқуымен басталды. Іс-шараны Самат Анарбаев жүргізіп отырды.

Алдымен Мұхамеджан Естеміров өткізіліп отырған шараның мән-маңызына тоқталды. Сондай-ақ семинарға қатысушы аталар мен аналар ой-пікірлерін ортаға салып, мол мағлұматтар айтты. Шара соңында үлгілі отбасыларға шаһардың бас имамы атынан алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру