Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Теректі ауданында жаңа мешіт ашылды

БҚО өкілдігінің баспасөз қызметі 06.10.2022 2198 0 пікір
Теректі ауданында жаңа мешіт ашылды

Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданы Ақсуат ауылында «Ләйләт ул-Қадр»  мешіті ашылды.

Рухани және құлшылық ордасының салтанатты ашылу рәсіміне облыстың бас имамы Бақытжан Сабралиев, облыстық дін істері басқармасының басшысы Мақсат Аралбайұлы, Теректі ауданы әкімінің орынбасары Ержан Досмақов, ауыл әкімі Жаннұр Бекбауұлы, Орал орталық мешіті Ақсақалдар алқасының мүшелері, аудан мен ауыл мешіттерінің имамдары және ауыл тұрғындары қатысты.

Мешіттің ашылу салтанатында БҚО-ның бас имамы Бақытжан Құралбайұлы сөз сөйлеп, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, жаңа мешіт ашылуы үлкен игі іс екенін атап өтті.

«Бұл мешіт осы ауылдың рухани ордасына айналары анық. Барлық адамның дәулеті болуы мүмкін, мұндай мешіт салуды кез-келген адамға Ұлы Жаратушы нәсіп ете бермейді. Осы мешітті салған иманды азаматтарға Алла разы болсын!» деген бас имам аса сауапты іс жасаған жандарды алғыс хатпен марапаттап, жаңа мешітке арнап қасиетті Құран тарту етті.

Мешіттің лентасын бас имам Бақытжан Құралбайұлы мен ақсақал Ғұмар қажы Құрақов қиған соң, жамағат намаз оқып, Аллаға шүкірлік айтып, ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға жасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру