Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы облысы: Ұйғыр ауданының имамы тағайындалды

Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі islamkaz.kz 03.10.2022 2801 0 пікір
Алматы облысы: Ұйғыр ауданының имамы тағайындалды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Алматы облысы Ұйғыр аудандық орталық мешітінің бас имамы болып Бахтияр Абуұлы Ахметов тағайындалды. 

Облыс бас имамы Мадияр Тағайбайұлы жиналған аудандық мешіт жамағатына имамдық қызметке жаңадан тағайындалған дін қызметкерін таныстырып, Бас мүфти бұйрығын оқып берді. 

Ал бас имам бұған дейін бірнеше жыл бойы Ұйғыр аудандық орталық мешітінің бас имамы болып жемісті қызмет атқарған Данияр Қалмақбайұлына рақметін айтып, қазақы салтпен иығына шапан жапты. Өз кезегінде, аудан халқы да Данияр имамға алғыс білдіріп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру