Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Сарыағаш» медресе-колледжінің студенттерімен кездесу өтті

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 25.09.2022 2656 0 пікір
«Сарыағаш» медресе-колледжінің студенттерімен кездесу өтті

ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызының Түркістан облысына жұмыс сапары Сарыағаш және Сайрам аудандарында жалғасты.

«Сарыағаш» медресе-колледжінде қыздар бөлімінде оқитын үш жүзден астам студентпен кездесу өтіп, сектор меңгерушісі «Ұстаз – ұлы тұлға» тақырыбында насихат айтты. Әйел-қыздар секторының бүгінгі таңда  атқарып отырған  жұмыстары мен бағыты жайлы студенттерге кеңінен ашықтап өтті. 

«Республика  мешіттерінде кадр тапшылығы бар, сол орындарды өздеріңіздей сапалы кадрлармен толықтыру – Әйел-қыздар секторының маңызды жұмыстарының бірі» деп студенттердің мешіт жанынан ашылған  діни сауат ашу  курстарында ұстаздық етіп, асыл дінімізді өркендеуіне үлес қосуға шақырды.

Шәкірттермен кездесуден кейін Динара Құтқожақызы медресе жанынан жаңадан бой көтерген демалыс орындары мен жаңа ғимараттарын аралап шықты. Сондай-ақ ол жұмыс сапарының соңында  Сайрам ауданындағы  мешіт жанынан құрылған «Садат ана» діни сауат ашу курсының ашылу салтанатына қатысты. Сауат ашу курсында білім алып жатқан шәкірттерге ілім жолында жетістіктер тіледі.

Динара Құтқожақызы  Түркістан облысына жасаған екі күндік жұмыс сапарында  Түркістан облысының бас имамы Еркебұлан Қарақұловқа және барша дін қызметкерлеріне алғысын білдіріп, қызметтеріне табыс тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру