Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Азық-түлік пен киім-кешек берілді

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 26.01.2022 2068 0 пікір
Атырау: Азық-түлік пен киім-кешек берілді

Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінде өткен кезекті қайырымдылық шарасы 24 отбасын қамтыды.

Іс-шара аясында әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж отбасыларға азық-түлік және киім-кешектер үлестірілді.

Еске сала кетелік, орталық «Иманғали» мешіті жанынан Қайырымдылық мекемесі жұмыс істеп келеді. Мекеме жалғызбасты, мүмкіндігі шектеулі жандарды, әлеуметтік жағдайы төмен шаңырақ иелеріне тұрақты түрде қолдау көрсетіп келеді.

«Қайырымдылық бағытындағы іс-шаралар жалғаса береді. Біз мешіттеріміздің әркез мұқтаж жандардың мұңын тыңдап, қолдау білдіретін алаңға айналғанын қалаймыз» дейді Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру