Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Макинск құс фабрикасы» тексерілді

halaldamu.kz 26.01.2022 1980 0 пікір
«Макинск құс фабрикасы» тексерілді

Ақмола облысында орналасқан ірі құс фабрикаларының бірі «Макинск құс фабрикасында» бақылау-қадағалау шаралары жүргізілді. Кезекті тексеріс жұмыстарын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен ветеринариялық санитария ісінің маманы Данияр Сафиев орындады.

Ақмола облысы, Бұланды ауданында орналасқан құс фабрикасында жүргізілген тексеріс барысында құстардың жем-азығының таза болуы, шариғат және стандарт талаптарына сай қолмен бауыздалуы секілді өзге де ережеге сәйкес шарттардың орындалуы қадағаланды.

Бақылау-қадағалау шараларынан кейін «Макинск құс фабрикасы» қызметкерлеріне «Халал Даму» мамандары дайындаған арнайы дәріс өткізілді. Бұндай дәрістер халал стандартына сай жұмыс жасайтын кәсіпорын қызметкерлерінің шариғи білімін арттырып, стандартқа сай қызмет көрсету біліктілігін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылып тұрады.

«Ислам діні негізінен, мұсылмандардың дүние және ақырет үшін адал кәсіп етуін талап етеді. Шариғат бойынша, адал кәсіп етудің өзі құлшылықтың бір түрі. Сіздер адал еңбек етіп қана қоймай, халыққа адал ас ұсынатын сауапты да жауапты кәсіптің мамандарысыздар. Сіздердің еңбектеріңіздің нәтижесі болған адал ас – күллі мұсылман қауымының халал азығы. Осындай беделді қызмет жолында бізбен серіктес болғандарыңызға Алла разы болсын»,- деген Айбек Асқарбекұлы құс фабрика қасапшылары мен мамандарына алғысын білдіріп, халал өнім тұтынушы қарапайым халықтың сенімін жеткізді.

Аудит қорытындысы бойынша, шариғат шарттары мен халал стандарты ережелерін бұзу жағдайлары тіркелмеді. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру