Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Имандылық бұрышы ашылды

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 24.01.2022 2060 0 пікір
Шымкент: Имандылық бұрышы ашылды

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қолға алынған Рухани тәрбие – Ихсан ілімін насихаттау мақсатында Шымкент қаласының мешіттерінде «Ихсан ілімі» имандылық кітапхана бұрышы ашылды.

Рухани бағыттағы бұл жоба Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов бастаған имамдар тарапынан қолдау тауып, жүзеге асырылды.

Негізгі мақсат – мешітке келген жамағаттың дін мен дәстүр, имандылық, тәлім-тәрбие, әдептілік және түрлі кереғар діни ағымдардан сақтандыру.

Айта кетсек, «Ихсан ілімі» имандылық кітапхана бұрышында діни басқарманың Сараптама бөлімінің тексеруінен өтіп, оң қорытындысын алған кітаптар мен кітапшалар, сондай-ақ «Мұнара» газеті мен «Иман» журналының тігіндісі қойылған.

Жылдық жоспарға сәйкес, имандылық кітапхана бұрышын дамытып, сөрелер жаңа еңбектермен толтырылады.  


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру