Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Теміртауда Құран курсының түлектері марапатталды

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 24.01.2022 2035 0 пікір
Теміртауда Құран курсының түлектері марапатталды

Қарағанды облысы Теміртау қаласының Әлихан Бөкейхан атындағы орталық мешітінде «Құран – мәңгі мұғжиза» атты марапаттау рәсімі өтті.

Салтанатты іс-шараға Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ Қазкенұлы, наиб имам Құмар Қоныскерей, Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлы және 2021-2022 жылдар аралығында Құранға түскен жергілікті шәкірттер қатысты.
 
Алғы сөзді алған Өмірзақ қажы Қазкенұлы Құран үйренудің, діни ілім алудың артықшылығы жайлы тұщымды уағыз-насихат айтып, сауат ашу курсында дәріс берген дін қызметкерлеріне алғыс білдірді.
 
Осыдан кейін марапаттау рәсімі орын алып, шәкірттерге І және ІІ дәрежелі сертификаттар табыс етілді.
 
Бұл шәкірттер, Теміртау қаласының «Әлихан Бөкейхан» атындағы  орталық мешітінде жұмыс күндері құптан намазынан кейін өтетін Құран әліппесі, тәжуид сынды пәндер бойынша өткізілген курстың түлектері екендігін атап кеткеніміз жөн.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру