Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семей: Қажылық жөнінде семинар-тренинг өтті

Абай Құнанбайұлы атындағы Семей орталық мешітінің баспасөз қызметі alashdin.kz 24.12.2021 1949 0 пікір
Семей: Қажылық жөнінде семинар-тренинг өтті

Елімізде тұңғыш рет «Рахманның қонақтары» екі күндік онлайн-офлайн форматта семинар тренинг өтті.

Дәрісті өткізудегі мақсат – отандастарымыздың ұлы сапарға рухани дайындығын пысықтау, толғандырған сауалдарына толық жауап беру. Алғашқы күні ҚМДБ Семей аймағы бойынша қажылық бөліміне жауапты, «Тыныбай» мешітінің бас имамы Мақсат Алтыбай мен «Tawaf Travel» қажылық компаниясының гиді Рашид Мейімбекұлы қажылық сапарына байланысты семинарда қажылықтың парыздары, рәсімдері, умра т.б. шарттар мен рүкіндері жайлы түсіндірді. Семинарда арнайы  сұрақтарға жауап берілді.

Екінші күні Рашид Мейімбекұлы ихрам кию, шаш алдыру сияқты шариғи шарттар жайында аят-хадистерден дәлелдер келтіріп, қажыларға қажетті маңызды мәліметтерді жеткізіп, сұрақтарына жауап берді.

Семинар-тренинг Instagram тікелей эфирі және Zoom қосымшасы арқылы өтті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру