Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Халықаралық студенттік конференция өтті

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі 14.12.2021 1838 0 пікір
Халықаралық студенттік конференция өтті

Қазақ даласына 40 жылдай зарар беріп, жергілікті халық генофондына ойсырай соққы болған Семей атомдық полигонының жабылғанына 30 жыл толды.

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойымен қатар келген бұл ядролық сынақтан арылған күндер мен оның қазақ еліне тигізген зардаптары талай зерттеуді талап етеді. Осы орайда Нұр-Мүбарак университетінің Жалпыуниверситеттік гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйытқы болуымен «Экологиялық мәселелердің тарихи қырлары және тұрақты болашақ перспективалары» атты халықаралық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға Қазақстаннан өзге Қырғызстан (Ош ТУ), Өзбекстан (Нукус МУ) студенттері зерттеулерін жіберді. Мақалалары сарапқа түскен студенттердің 22-і офлайн қатысты.

Ашылу салтанатында ректор, профессор Мухаммад аш-Шаххат: «Бүгінгі студенттер арасынан ертең адамзат игілігіне пайдасы мол, экологиялық жобалар ұсынатын білікті мамандар шығады. Болашақ – жастардың қолында. Сондықтан бүгінгі шараның нәтижелі болуын тілеймін», – деп конференция жұмысына сәттілік тіледі. Студенттердің зерттеулерін сарапқа салған қазылар алқасы жүлделі орындарға лайықты 9 жеңімпазды анықтады:          

1 орын – Асхат Жарқыбеков - Нұр-Мүбарак ЕИМУ;
1 орын – Балтабай Арыстан, Мұхамедали Аиша ХШУ (Нархоз университеті);
1 орын – Серікқазы Ташкенов - Шәкәрім атындағы СМУ.

2 орын – Айнұр Сариева – ҚазҰПУ;
2 орын – Жанна Абаева – Нұр-Мүбарак ЕИМУ;
2 орын – Индира Алимкулова – Нұр-Мүбарак ЕИМУ.

3 орын – Ақтоты Айтен – Нұр-Мүбарак ЕИМУ;
3 орын – Айман Арман, Александр Тулепов – Нұр-Мүбарак ЕИМУ;
3 орын – Дидар Алматы – АТУ.

Жеңімпаздарға арнайы алғыс хаттар, сертификаттар мен сыйлықтар табысталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру