Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Сурет сайысын өткізді

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 13.12.2021 2064 0 пікір
Маңғыстау: Сурет сайысын өткізді

Маңғыстау облысы Баянды ауылдық мешітінде «Тәуелсіздік – тұмарым, Мәңгілік ел – тұрағым» тақырыбында сурет сайысы өтті.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шара өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа, туған жерді қастерлеуге тәрбиелеу, сондай-ақ мәдениетке тарту мақсатында ұйымдастырылды.

Құлшылық үйінің имамы Саламат Түгелбайұлының ұйытқы болуымен жүзеге асқан іс-шараға жергілікті білім ордасының 16 оқушысы қатысып, өз суреттерінде желбіреген көк туымызды, елордамыздың символына айналған «Бәйтеректі», елімізде тұрып жатқан халықтар достығының символы – Бейбітшілік және келісім сарайын бейнеледі.

Баянды ауылдық «№3 жалпы білім беру орта мектебінің» ұстаздары Бекзат Тәжиев, Жансая Майлыбаева және тәуелсіз қазы Дияс Жаңабаев деген азаматтардан құралған қазылар алқасының шешімімен, байқау нәтижесіндегі орындар келесідей бөлінді:

І орын: Есенгужин Мадина, Оралбаев Алмазжан.

ІІ орын: Нұрдәулет Таңжар, Бисенбай Жасұлан.

ІІІ орын: Дүйсенбай Димаш, Қарлыбаев Ерболат

Жүлделі орын иегерлеріне отандық балалар әдебиетінің қорына кіретін кітаптар, сурет салуға арналған альбомдар және фломастерлер жинағы табыс етілді. Өзге де балалардың еңбегі еленіп, оларға сурет салуға арналған ынталандыру сыйлықтары берілді.

Сондай-ақ, Саламат Түгелбайұлы қазылар алқасының мүшелерін де келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, діни кітаптарды сыйға тартты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру