Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе имамдары жылды қортындылады

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 09.12.2021 2047 0 пікір
Ақтөбе имамдары жылды қортындылады

Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлының төрағалығымен Шығармашылық академиясында Ақтөбе өңірі имамдарының жылдық кеңейтілген қорытынды жиыны өтті.

Жиында қала және аудан имамдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен 7 негізгі жұмыс бағыты бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде есеп беріп, ақпарат және қоғаммен байланыс, уағыз-насихат, қайырымдылық, оқу-ағарту және кадрлық әлеует, рухани тәрбие Ихсан ілімі, дін мен дәстүр, жат діни ағымдармен жұмыс бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар және нәтижелер туралы баяндады.

Ақтөбе облыстық өкілдігінде жыл басынан бүгінгі күнге дейін 4367 рет күнделікті бесін уағызы, 5368 күнделікті ақшам уағызы айтылы, 62 589 адам қатысты. Өңірде РАНТ сапарлары 8 рет болды. Сансызбай Құрбанұлы, Қуаныш Әбішев, Батыржан Мансұров, Мақсатбек Қайырғалиев сынды РАНТ мүшелері шақырылып, кездесулерде 2152 адам қамтылды. Бір жылда Ихсан ілімі аясында және жат ағымның ағымның алдын алу, халал мен харам, салт-дәстүр, отбасы құндылықтары, неке, сауда-саттық және басқа да тақырыптарда 157 видеоуағыз түсірілді. Пандемия кезінде онлайн форматта 485 уағыз айтылып, 94 681 қаралым болып, онлайн форматта 36 сұхбат жүргізілді. Өкілдікте жыл бойы ірі қайырымдылық шарадан 18 жоба ұйымдастырылып, 15 935 отбасыға жәрдем берілді. ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры мен ҚМДБ Ақтөбе облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ел үлесі пәтерге» акциясы аясында 7 үйдің сертификаты табысталды.

Есеп беру жиынында барысында облыстың бас имамы облыстың діни ахуалының тұрақталуына және Ислам дінінің өркендеп дамуына үлес қосқаны үшін Ақтөбе облысының дін істері басшысы Әлімбек Жәнібекұлына алғыс хат табыс етті. Сондай-ақ жат дін ағымдардың алдын алу және діни оңалту бағытында белсенді жұмыс жасағаны үшін Дархан Өксікбаев, Әйел-қыздар секторы мен Жастар секторы бойынша жасалған жұмыстарды ұйымдастыру ісінде белсенділік танытқаны үшін Кенжегүл Қошқарова мен Ержан Мизамов, әлеуметтік желіде дәстүрлі дінімізді насихаттауда белсенділік танытқаны үшін Нұрдәулет Әуезов, Нұрсұлтан Жүнісәліұлы, Ерік Сұлтанов, Ербұлан Алмағанбетов, ҚМДБ бекіткен 7 бағыт жұмыс бағытын ұйымдастыруда белсенділік танытып, дәстүрлі дініміздің дамуына қосқан үлесі үшін Нұрбол Смағұлов, Нұрлыбек Шакизадаұлы, Сұңғат Саметов, Нұрсұлтан Тұрсынқұлов, Асемхан Ерғазин, Бақыт Тойшыбаев, Зарлық Ералин, Ерік Сұлтанов және дәстүрлі дініміздің насихатталуына елеулі үлес қосып, ақпараттық қолдау білдіргені үшін Индира Өтеміс, Ақтілек Орынбасарова және «Aqtobe», «Рика», «Хабар 24» телеарнасының тілшілері Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлының алғыс хатымен марапатталды.

Іс-шара қортындысында облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы оңалту жұмыстары мен қайырымдылық шараларындағы негізгі мәселелерді қамтып, одан өзге де бағыттар аясында бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру