Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Болашақ дінтанушылар пікір жарыстырды

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі 09.12.2021 2122 0 пікір
Болашақ дінтанушылар пікір жарыстырды

Нұр-Мүбарак университеті Дінтану кафедрасы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырған Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университеттің оқытушылары мен студенттерімен бірлесіп дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара барысында студенттер жан-жақты талдауларды алға тартып, қызықты әрі тартысты дебат ұйымдастырды.

Дөңгелек үстел алғысөзінде Нұр-Мүбарак университетінің Академиялық мәселелер департаментінің директоры, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Жалғас Сандыбаев: «Қазіргі жаһандану кезеңінде көпұлтты, поликонфессиялы мемлекетімізде бейбітшілік пен бірлікті сақтауда дінтанушы мамандардың жауапкершілігі жоғары. Америка Құрама Штаттарында біз барған ғылыми-зерттеу институтында Орта Азия халықтарының татулығы жөнінде жан-жақты зерттеу жасалып жатқанына куә болдық. Біздің бірлігіміздің кепілі Ислам діні екені белгілі. Сондықтан дінімізге сай пікір жарыстыру қарсыласты жеңу емес, кез келген оппонентке деген құрметпен құнды. Сондықтан бүгінгі дебат тартысты өтсе де, студенттер үшін өте пайдалы болады деген сенімдемін», – деп студенттерге сәттілік тіледі.

«Тәуелсіз Қазақстандағы дін мен ғылымның даму тенденциялары» атты пікірсайысында студенттер «Дін саласындағы мемлекеттік заңнаманың стратегиялық бағыттары», «Дінтану ғылымының дамуы», «Дін бірлігі – Тәуелсіздік тірегі», «Конфессияаралық келісім – ел тұрақтылығының кепілі», «Зайырлылық қағидаттарының негізі» тақырыптарында танытым жасады. Болашақ дінтанушылардың белсенділігін ерекше атап өткен Дінтану кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Альбина Дүйсенбаева: «Дін саласын зерттеу, ғылымды дамытудан өзге еліміздегі діни тұрақтылық, ұлттық қауіпсіздікте де бірден-бір ат салысатын нағыз кәсіби мамандар өздеріңіз боласыздар. Сондықтан осындай дебаттар, пікір алмасулар сіздердің кәсіби біліктіліктеріңізді қалыптастырып, тұлғалық дамуларыңыз үшін де пайдалы», – деп студенттерге алғыс білдірді.

Қос университеттің студенттері өзара білімін шыңдап, дүниетанымын арттыра түсті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру