Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Волейбол жарысы ұйымдастырылды

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі muftyat.kz 02.12.2021 2203 0 пікір
Қостанай: Волейбол жарысы ұйымдастырылды

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесіне орай Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің ұйымдастыруымен волейбол турнирі өтті.

Турнир мешіт жамағатының ынтымақ-бірлігін нығайту, егемендігіміздің қадір-қасиетін арттыру, оның мән-мағынасын өскелең ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында ұйымдастырылды.

Жарыс нәтижесі бойынша жоғары шеберлік көрсетіп, көңілдегідей ойын өрнегін танытқан Лисаков қаласындағы «Әбдіхайым Саламатұлы» мешітінің командасы бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орын Әулиекөл ауданындағы «Әмит ишан» мешітінің, үшінші орын Рудный қаласындағы «Нұр» мешітінің командаларына бұйырды. Жарыс қорытындысы бойынша жүлдегелер лайықты марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру