Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемен: Елдіктің жеті тұғыры насихатталды

Өскемен аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі 02.12.2021 2005 0 пікір
Өскемен: Елдіктің жеті тұғыры насихатталды

Тұңғыш Президент күні қарсаңында ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі және ШҚО Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Мемлекеттің жеті қыры және руханият» тақырыбында семинар өтті.

Алқалы іс-шараға ҚМДБ Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы және дінтанушылар, имамдар, дін істері басқармасы қызметкерлері қатысты. Бас имам «Елдіктің жеті тұғыры және руханият» тақырыбында баяндама жасады.

«Елбасымыз елдіктің жеті тұғыры атты қағидаттар жиынтығында руханиятқа аса маңыз берді. Руханият саласы және ұлттық құндылықтар жастар тәрбиесінде зор маңызға ие. Әсіресе Ихсан – рухани тәрбие ілімін осынау жеті қағидатпен ұштастыра отырып дамыту керек. Жастарға «Елдіктің жеті тұғыры» жиынтығын барынша насихаттау – күн тәртібіндегі мәселе» деп ерекше атап өтті Ермек Қасболатұлы.

Жиында Елбасының бастамасын кең ауқымда насихаттау, жастар тәрбиесі, зайырлы мемлекеттегі діни саясатқа қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру