Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Үстел теннисінің үздіктері анықталды

Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 30.11.2021 2050 0 пікір
Ақтөбе: Үстел теннисінің үздіктері анықталды

Ақтөбе қалалық ішкі саясат басқармасы мен Ақтөбе орталық қалалық мешітінің ұйымдастыруымен ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қала мешіттерінің арасында үстел теннисі жарысы өтті.

Үстел турнирі салауатты өмір салтын қалыптастыру, денешынықтыру мен спортты насихаттау, мекемелер мен ұйымдардың сауықтыру және спорт жұмыстарын жақсарту, мешіт жамағатының ауызбіршілігі мен ынтымағын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Отызға жуық үміткерлер қатысқан додада Ақтөбе қалалық «әл-Ләтиф» мешіті атынан шыққан Әділет Бірімғалиев топ жарып, бірінші орынды иеленді. Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің намысын қорғаған Ғаламат Таңатұлы екінші орынды, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің жамағаты Расул Жанболатұлы үшінші орынды жеңіп алды.

Жарыс қортындысы бойынша жеңімпаздар арнайы алғыс хатпен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру