Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАНТ мүшесі Шыңғырлау ауданында болды

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 17.11.2021 1482 0 пікір
РАНТ мүшесі Шыңғырлау ауданында болды

РАНТ мүшесі, «Ақтөбе» медресе-колледжінің директоы Әбдімүтәлі Дәуренбеков Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданында іс-сапарда болды.

Сапар барысында Әбдімүтәлі Дәуренбеков діни сауатты арттыру және мемлекетіміздің дін саласындағы саясатын түсіндіру мақсатында оқытушылар, мектеп оқушылары мен студенттерге «Қоғамдағы тұрақтылық – басты құндылық», «Шет елдегі күмәнді діни оқулар» , «Қазақы салт пен дәстүрдегі тәрбие» тақырыптарында кездесулер өткізді.

Сонымен қатар аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Дінтану пәнінің оқытушылары мен АТТ тобы құрамының біліктілігін арттыру мақсатында РАНТ мүшесінің қатысуымен семинар семинар өтті. Аталған семинар соңында Дінтану пәні мен АТТ мүшелеріне сертификаттар табысталды.

Шыңғырлау ауданы әкімідігі мен «Ақтөбе» медресе-колледжі мемлекеттік дін саласындағы саясатты тиісті деңгейде жүзеге асыру және діни тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды алдағы уақытта өзара ынтымақтастықта жүзеге асыруға бағытталған меморандумға қол қойды. Одан өзге «Ақтөбе» медресе-колледжінің директоры «Жастарға кеңес», «Шет елдегі күмәнді діни оқулар», «Тәрбие және білім» тақырыптарында Шыңғырлау аудандық орталық мешітінде жамағатқа уағыз-насихат айтты.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру