Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Үздік мергендер анықталды

Маңғыстау аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 16.11.2021 1735 0 пікір
Маңғыстау: Үздік мергендер анықталды

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешіті садақ атудан жамағат арасында жарыс ұйымдастырды.

Дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттау, атап айтқанда ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетін жаңғырту, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу және төл өнерімізге деген қызығушылық ояту мақсатында жүзеге асқан іс-шара облыстық мешіт жанындағы футбол алаңында өтті.

24 адам қатысқан жарыс қорытындысы бойынша І орынды Ибраһим Абдулла иеленсе, ІІ орын Марат Жарылқапқа, ал ІІІ орын Атабек Алмағамбетовке бұйырды.

Облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы Байкенже Серікбайұлы жүлделі орын иегерлеріне сәйкесінше 10, 7 және 5 мың теңге табыстап, алғыс хаттармен марапаттады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру