Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Мешіттен жолаушы бөлмесі ашылды

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 15.11.2021 1674 0 пікір
Алматы: Мешіттен жолаушы бөлмесі ашылды

Алматы облысы Қарасай ауданы Алматы-Ташкент тас жолының бойында орналасқан «Ихлас» мешітінде жолаушыларға арналған бөлме ашылды.

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай жол бойындағы мешіт жанынан жолаушыларға арнап бөлме дайындау әр аймақтың мешіт жоспарына енгізілген болатын.

Ашылу рәсіміне Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан, Алматы аймағының бас имамы Қуаныш Бақытбекұлы және қала имамдары қатысты.

«Ихлас» мешіті Алматы-Ташкент тас жолының бойында орналасқан. Ұзақ жолдан шаршап келген жолаушылар үшін бір сәтке дем алып, тынығатын жайлы бөлме төсек орындары мен қажетті ыдыс-аяқпен қамтамасыз етілген.

Бөлме ішін жабдықтау мен жолаушылар үшін қажетті заттармен қамтуға Алматы қаласының Түрксіб, Бостандық, Әуезов аудандық мешіттері мұрындық болды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру