Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкентте Мәуліт кеші өтті

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі 14.11.2021 1079 0 пікір
Шымкентте Мәуліт кеші өтті

ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігінің ұйытқы болуымен «Түркістан» сарайында ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге Мәуліт айының құрметіне «Пайғамбарлар падишасы – әз-Мұхаммед» рухани кеші өтті.

Рухани шараға ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Мырзабаев, Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы арнайы қатысып, жинаған көпшілікті Мәуліт мерекесімен құттықтады.

Іс-шара барысында «Өнер қырандары» театрының өнерпаздары сахналық қойылым ұсынып, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірінен үзінді. Иллаһи жыр-термелер мен өлеңдер оқылып, кештің әрін кірді. Сондай-ақ рухани шара барысында орталық мешіт ұстазы Нұрсұлтан Мәметалиев әсерлі уағыз айтса, Мейірбек Сәрсенбаев пен «Шымкент» медресе-колледжінің шәкірттері Мәуліт дұғасын оқыды.

Іс-шара барысында барлық қатысушыларға ҚМДБ тарапынан жарық көрген кітаптар мен газет-журналдар тарту етілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру