Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАНТ мүшесі – Жетісу жерінде

Талдықорған қаласының орталық «Иман» мешіті taglym.kz 12.11.2021 1872 0 пікір
РАНТ мүшесі – Жетісу жерінде

ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің маманы, Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі Думан Сайфулла Талдықорған өңіріне арнайы іссапармен келді.

РАНТ мүшесі ең алдымен І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттерімен кездесіп, «Абай және Имандылық» тақырыбы аясында дәріс өткізді. Білім алушылар өздерін мазалаған түйткілді сауалдарын қойып, дін маманынан тұшымды жауаптар естіді.

Одан кейін, қалалық «Тәубе» мешітіне ат басын бұрып, өңірдің бас имамы Алмас Сағидоллаұлының қатысуымен жергілікті имам-ұстаздарға «Көшбасшы имам» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Тағылымды тренингте Құран аяттарынан және хадис ғылымынан мысал келтіре отырып, көшбасшылық, даналық таныту, жас маман тәрбиелеу сынды тақырыптарды тілге тиек етті.

Сапар барысында «Талдықорған жеке қайырымдылық» орталығындағы қыздар медресесінің жұмысымен танысып, тәрбиеленушілерімен жүздесті. Құран мен ілім алудың артықшылығы жайында насихат айтты.

Думан Нәдірұлы «Нұр» мешітінде ақшам намазынан кейін «Бірлігі жарасқан жамағат» тақырыбында жамағатқа уағыз айтты. Бірінші күннің қорытындысы ретінде РАНТ мүшесі Думан Нәдірұлы Жетісу жұртшылығының діндегі ізденгіштігіне көзі тойып, осы жолдағы дін қызметкерлерінің еңбегіне разы болды. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру