Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Іңкәрдария ауылында мешіт ашылды

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 11.11.2021 2205 0 пікір
Қызылорда: Іңкәрдария ауылында мешіт ашылды

Қызылорда облысы Сырдария ауданы Іңкәрдария ауылында жаңа мешіт халық игілігіне берілді.

Мешіттің ашылу салтанатына Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бейбіт Смайылов, аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Асхат Асқаров, ауыл әкімі Сәулет Есдәулетов, «Ақжарма және К» фермелік қожалығының төрағасы Қайрат Нұрсейітов, еңбек ардагерлері Рахымжан Бәйменов, Мектепхан Елеусінов, Жұматай Қасымов, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдіразақ Байманов, Сыр өңірінің имамдары мен ауыл тұрғындары қатысты.

Іңкәрдария ауылындағы 100 орынға арналған мешіттің құрылысы өткен жылы басталған. Ауылдан түлеп ұшқан кәсіпкер Мейрамбек Қонақбаевтың демеушілігімен зәулім ғимарат тұрғызылды. Бұдан бөлек өңірімізге белгілі кәсіпкерлер Асхат Шәукенбаев, Қазыбек Омаров, Мұхтар Шаханов, Бахтияр Құдайбергенов қаржылай қолдау көрсеткен. Сонымен бірге ауыл азаматтары Бақытбек Шәріпбаев, Жомарт Базарбаев, Мұрат Тыныштықбаев, Жылқыбай Исабаев, Абзал Нұрылдаев, Мұрат Жөнеров, Кенжебек Манатауов сынды азаматтар игілікті істің басы-қасынан табылды.

Болатбек Абуов мешіт салуға зор үлес қосқан ел азаматтарына ризашылығын білдіріп: «Аудан орталығынан шалғайда орналасқан Іңкәрдария ауылында жаңа мешіттің ашылуының куәгері болып отырмыз. Құлшылық үйін салуда айрықша қолдау көрсеткен ел азаматтары сауапты іске себепкер болды. Мұнда қаншама ұрпақ діни сауаттанып, Тәңірдің ришалығына бөленеді. Жақсылыққа үн қосқан ел азаматтарына Алла Тағала разы болсын! Баршаңызға құтты болсын!» – деді бас имам.

Жаңа мешітте 100 ер кісіге арналған бөлме, 20 әйел кісіге арналған бөлме, 15 орынға арналған медресе, ауыл имамының бөлмесі, 100 орынға арналған асхана, тамақ пісіретін және мал соятын бөлме бар. Игі іс-шарада мешітті салуға атсалысқан жандарға құрмет көрсетілді. Іс-шара соңында ас беріліп, көкпардан ойыны өткізілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру