Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Жаңа кітап жарық көрді

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 10.11.2021 1860 0 пікір
Шымкент: Жаңа кітап жарық көрді

Түркістан облыстық мешітінде қызмет атқаратын дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміровтың «Қожа Ахмет Яссауи һәм Ихсан ілімі» атты кітабы жарық көрді.

Жаңа кітапта Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен іске асып жатқан Ихсан ілімі тұжырымдама аясында көпшілікке түсінікті әрі ыңғайлы болуы үшін Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың өнегелі өсиет сөздері және рухани тәрбие – Ихсан ілімі жөнінде қажетті дүниелер қамтылған.

Кітаптың алғы сөзін шығыстанушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Діни басқарманың бұрынғы төрағасы марқұм Әбсаттар қажы Дербісәлі жазған болатын.

Айта кетейік, кітап авторы Мұхамеджан Естеміровтің бұған дейін «Әл-Фараби өсиеттері», «Хәкім Абай һәм Ихсан ілімі», «Елбасы», «Дінбасы», «Ғибратнама», «Мұхтасар», «Намаз үйренейік», т.б. бірнеше кітаптары мен ғылыми мақалалары жарық көрген.

Кітап Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне, «Әл-Фараби» кітапханасына, сондай-ақ мешіттер мен медресе кітапханаларына үлестіріледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру