Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«MUNARA TV» басшысы студенттермен кездесті

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі nmu.kz 09.11.2021 2618 0 пікір
«MUNARA TV» басшысы студенттермен кездесті

Нұр-Мүбарак университетінің дінтану және теология мамандықтарында білім алушы бірінші курс студенттеріне «MUNARA TV» телеарнасының директоры Нұржан Дарқұловпен өткен кездесу жаңа серпін сыйлады.

«Қазіргі алтын уақыттарың – нағыз білім алатын, жан-жақты дамитын, тек дін маманы ғана емес, толыққанды тұлға болып қалыптасатын маңызды уақыттарың. Біздің халқымыз салт-санасын, ұлттық дәстүрін, мәдениетін Ислам дінімен ұштастыра білген даналық көзі. Бүгінгі жаһандану дәуірінде осы аманатты, асыл құндылықты білім арқылы дамытуымыздың өзі үлкен насихат», – деді Нұржан Таласұлы студенттермен кездесуде.

Университеттің жол картасы аясында тәрбие саласындағы жұмыс жоспарына сай Дінтану кафедрасы ұйымдастырған бұл кездесу болашақ дінтанушылар мен теологтардың жан-жақтылығын арттыруға негізделген болатын. Кафедраның аға оқытушысы, PhD докторы Түсіпхан Имаммәди бұл кездесу мамандыққа қажеттілік, мамандықтың бүгіні мен болашағы жайлы түйсіну үшін маңызды екенін жеткізді. Расында, айтылған ақпараттар бірінші курс студенттерін өз мамандығына деген сүйіспеншілігімен қатар білімге деген ынтасын арттыра түсті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру