Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Көкшетауда Мәуліт кеші өтті

Ақмола облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі nasihat.kz 07.11.2021 1497 0 пікір
Көкшетауда Мәуліт кеші өтті

Ұлық пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген Мәуліт айының құрметіне Көкшетауда рухани кеш өтті.

«Көкшетау» мәдениет сарайына жиналған көпшілікке алдымен облыстың бас имамы Қуаныш Сәбит тағылымды уағыз айтты. Мәуліт мерекесінің ғибраты туралы терең сыр қозғады.

Осы күні асыл дінімізге және ел мүддесіне адал қызмет етіп жүрген бір топ жанашыр азаматқаа Бас мүфти мен облыс имамының алғыс хаттарын табыс етіп, қазақы дәстүрмен ағаштан ойылған астаулар сыйға тартты.

Мұндай марапат алған жандардың қатарында дін істеріне қолдау білдіріп, мешіт жанынан әрдайым табылатын Ермек Нұғыманов, қызметтен тыс уақытта бірнеше адамның өмірін өрттен аман сақтап қалған Ақмола облысы Төтенше жағдай департаментінің қызметкері Жарқын Шаяхимов және ауыр індетке шалдыққан азаматтарды емдеуде қажырлы еңбек еткен  Гаухар Бимендиналарға берілді.

Кеш одан әрі рухани-мәдени бағдарламамен жалғасын тапты. Елімізге тағылымды қойылымдарымен танымал «Өнер қырандары» театры Мәуліт кешіне жиналған көрермен қауымға ерекше көңіл-күй сыйлады.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру