Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Университет ректорымен кездесті

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі akmechet.kz 05.11.2021 1785 0 пікір
Қостанай: Университет ректорымен кездесті

Жуырда Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбет Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлеткеттік өңірлік университетінде болды.

Онда бас имам осы аймақтағы іргелі оқу орнының ректоры Алма Досжановамен жүздесті. Кездесу барысында алдағы уақытта облыстық мешіт пен университет жастары арасындағы рухани, адамгершілік, тәрбие және басқа да маңызды мәселелер бойынша жұмысты барынша жандандыру сөз болды.

Көпшілікке мәлім, облыстық мешіттің жанындағы Әлішер Ертайұлы жетекшілік ететін Жастар ісі секторының атқарған істері жылдан-жылға қарқын алып, жастар арасында қолдау тауып келеді.

Жоғарыда аталған жоғары оқу орындарында болашақ маман иелерін, яғни студенттерді теріс ағымнан сақтандыру, атадан балаға мирас болып келе жатқан салт-дәстүрімізді жаңғырту, дініміз бен тілімізге құрметпен қарау жайы әңгіменің өзегіне айналды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру