Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған: «Сағынышқа айналған әз-Мұхаммед»

Талдықорған өңірі өкілдігінің баспасөз қызметі 04.11.2021 1410 0 пікір
Талдықорған: «Сағынышқа айналған әз-Мұхаммед»

Пайғамбардың туған айы – Мәуліт айының құрметіне ҚМДБ Талдықорған өңірі өкілдігінің ұйымдастыруымен «Сағынышқа айналған әз-Мұхаммед» атты Мәуліт кеші өтті.

Мәуліт кешінде Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірінен өнегелі уағыз-насихат айтылып, мешіт шәкірттері тәрбиелік мәні бар көріністерді кеш қонақтарына тарту етті.

Талдықорған өңірінің бас имамы Алмас Сағидоллаұлы жыл бойына мешіттерге қамқорлық жасаған мейірімді жандарға алғыс хаттар мен қасиетті Құран, басқа да сый-сияпаттар берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру