Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: «Ақ бата» байқауы мәресіне жетті

БҚО өкілдігінің баспасөз қызметі 04.11.2021 1658 0 пікір
БҚО: «Ақ бата» байқауы мәресіне жетті

БҚО Теректі аудандық мәдениет үйінде облыстық «Ақ бата» байқауы өтті. 

Байқауға Батыс Қазақстан облысының әр ауданынан жеті қария қатысты. Атап айтар болсақ, С.Төлегенов (Бәйтерек ауданы), А.Шотанов (Шыңғырлау ауданы), Ж.Үмбеталиев (Тасқала ауданы), А.Салекеев (Қаратөбе ауданы), И.Көшекбаев (Бөрлі ауданы), А.Ашиховтар (Казталов ауданы) бақ сынады.

Қатысушыларға бағалаған қазылар алқасы құрамында Батыс Қазақстан облысының бас имамы Бақытжан Сабралиев, Теректі аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Қазиқанов және «Алтын бесік» мәдени орталығының төрайымы Л.Қаражігітова болды.

Сайыс екі кезеңнен тұрды. Алғашқы айналымда қариялар әртүрлі тақырыпта бата айтты. Дастарқан басында айтылатын, жас отбасыға, жолға шыққан кезде, жас балаға айтылатын т.б. бата түрлерін тақырып бойынша айтып шықты. Екінші кезең еркін тақырыптағы бата, оған қатысушылар ел мен жерге, халыққа бата берді.

Қазылар алқасының шешімімен 1-орынға Казталов ауданынан келген А.Мазанұлы ие болды. Жүлделі 2-орын А.Таңабайұлына (Шыңғырлау ауданы) және 3-орын Ж.Әбуұлына (Тасқала ауданы) табысталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру