Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Мешіттер арасында футбол турнирі өтті

Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 04.11.2021 1486 0 пікір
Қарағанды: Мешіттер арасында футбол турнирі өтті

ҚМДБ Қарағанды облыстық өкілдігінің бастамасымен облыс мешіттері арасында кіші футболдан турнир өтті.

Жылдағы дәстүрге сай облыс мешіттері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылған жарыс Жаңаарқа ауданында жалғасын тапты. Сайысқа Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ азкенұлы арнайы қатысып, ойыншыларға сәттілік тіледі.

Турнир салауатты өмір салтын жамағат арасында жоғары деңгейде жүзеге асырып, сонымен қоса жамағаттың ауызбіршілігіне үлес қосу мақсатында ұйымдастырылды.

Жарыс қорытындысы бойынша «Жаңаарқа» мешіті бірінші орынды жеңіп алса, екінші орынды «Жезқазған» мешіті, үшінші орынды «Теміртау» мешіті иеленді. Жүлделі төртінші және бесінші орындар «Балқаш» мешіті мен «Нұра» мешіті жамағатына бұйырды.

Сайысқа қатысушы жамағатты марапаттау рәсіміне Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ Қазкенұлы арнайы қатысып, жүлделі сыйлықтар мен мақтау қағаздарын табыстады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру