Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: РАНТ мүшесі семинар өткізді

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 24.09.2021 1603 0 пікір
Ақтөбе: РАНТ мүшесі семинар өткізді

Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлының бастамасымен орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Діни оңалтудың заманауи әдістері» тақырыбында қала имамдары мен түзету мекемесінің теологтарына арналған семинар өтті. 

Аталған семинарда РАНТ мүшесі, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы, «Muslim.kz» ақпараттық, рухани-ағарту порталының (орыс бөлімі) редакторы Мақсатбек Қайырғалиев дәріс оқыды. Сондай-ақ спикер теологтарға жазасын өтеушілермен сұхбат барысында психологиялық көмек көрсетудің қағидаларын атап, қоғамға бейімдеу барысындағы адамдармен араласу тетігіне тоқталды.

Одан өзге семинар қортындысында РАНТ мүшесі имамдар мен теологтарға білімі мен біліктілігін арттыруға арналған семинарға қатысқандықтары туралы сертификат табыстады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру