Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған: Студенттерге отбасы құндылығы түсіндірілді

Талдықорған қаласының орталық «Иман» мешіті taglym.kz 24.09.2021 1795 0 пікір
Талдықорған: Студенттерге отбасы құндылығы түсіндірілді

ҚМДБ Талдықорған өңірі өкілдігінің «Жастар ісі» секторы және қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастырумен Талдықорған қалалық политехникалық колледжінің студенттерімен «Отбасы және отбасылық құндылықтар» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты – отбасылық құндылықтарды насихаттау. Шараға орталық «Иман» мешітінің мешітінің имамы Нұрсұлтан Мұқиятұлы мен облыстық дін істер басқармасының маманы Ақжол Маратұлы қатысты.

«Отбасы – болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы ұя. Ол балаға моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, рухани – адамгершілік құндылықтар беріледі» деді кездесу қонақтары.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру