Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бурабай ауданына жаңадан имам тағайындалды

Ақмола облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі nasihat.kz 30.07.2021 2573 0 пікір
Бурабай ауданына жаңадан имам тағайындалды

Қасиетті жұма күні Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Жұмабайұлы Бурабай ауданында болып, жергілікті жамағатқа Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен ауданның бас имамы болып тағайындалған Жаслан Ертихаловты таныстырды. 

Жаслан Ертихалов – көп жылдан бері дін саласында қажырлы қызмет істеп келе жатқан тәжірибелі имам. Облыстың бас имамы өз  жаңадан тағайындалған имамның есімі өңірге етене таныс екенін айтты. Ол осыған дейін де Бурабай ауданында наиб және бас имамдық қызметтер атқарған. Кейінгі жылдары Бұланды ауданында бас имам болды.

Ал туристік өңірде бұған дейін бас имам болып істеген Ұлан Шарипов жергілікті жамағатқа ризашылығын жеткізіп, алғыс айтты. Жаслан Ертихаловтың дін жолындағы жұмыстарына табыс тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру