Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Оралда «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабы таныстырылды

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 29.07.2021 2136 0 пікір
Оралда «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабы таныстырылды

Оралдағы Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ҚМДБ Төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен жарыққа шыққан «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабының танытымы өтті.

Рухани шараға М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетнің ғалым ұстаздары Зейнолла Мутиев пен Абат Қыдыршаев, зиялы қауым өкілдері және БҚО бас имамы Бақытжан Құралбайлы мен наиб имам Мейрамбек Абдрахманов, сондай-ақ аудан имамдары онлайн қатысты.

«Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабында «Жаратушы Аллаға ихсан», «Тұлғалық ихсан», «Ихсан және қоғам» сынды тараулар қамтылып, Ислам ғұламаларының ихсан ілімі жайлы ой-толғамдары берілген.

Аталмыш шара БҚО бас имамы Бақытжан Құралбайұлының дұға жасауымен басталды. Бас имам кітап жөнінде айтып өтіп, жиынға қатысушыларға ізгі тілегі мен алғысын білдірді. Шара барысында құрметті қонақтар құнды еңбектің жарық көруімен құттықтап, Діни басқарманың игі бастамаларына жылы лебіздерін білдіріп, кітап туралы ойларын айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру