Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Болашақ мамандар марапатталды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 29.07.2021 1857 0 пікір
Ақтөбе: Болашақ мамандар марапатталды

Бүгінгі таңда теология саласындағы кадрлардың саны артып, әсіресе, жастардың діни қызметті жауапкершілікпен атқаруы көз қуантады. Жоғары білім алушылардың өз өңірлеріне келіп жұмыс істеуі аймақтардағы діни ахуалдың тұрақты болуына өз ықпалын тигізіп жатқандығы анық.

Сондай талапты жастардың қатарынан табылған «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің студенттері Толғанай Нұрымжанова мен Нұрсұлтан Сарсенбаев, «Сарыағаш» медресе-колледжінің студенті Әсем Қуандық Ақтөбе қалалық орталық мешітінде іс-тәжірибеден өтіп, дайын маман екендіктерін байқатты.

Аталған студенттер мешіт жанындағы жазғы сауат ашу курсында бүлдіршіндерге негізгі пәндерден дәріс беріп, түрлі танымдық ойындар арқылы өздерінің ұстаздық қырларын да танытты.

Осындай жастардың азды-көпті еңбектерін елеп, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы студенттерге алғысын білдіріп, қолдау ретінде қаржылай сый-сияпат табыс етті. Сондай-ақ, асыл дініміздің дамуы мен қоғам руханияты үшін аянбай еңбек етулеріне тілектестік білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру