Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда имамдары Құрбан айтқа орай бас қосты

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 14.07.2021 2353 0 пікір
Қызылорда имамдары Құрбан айтқа орай бас қосты

Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлының жетекшілігімен Құрбан айт мерекесінде атқарылатын жұмыстарды талқылау мақсатында қала және аудан имамдарының кеңейтілген жиналысы өтті.

Жиналысқа Облыстық Дін істері басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов, Дін мәселелерін зерттеу орталығы КММ директоры Бақытжан Камалов, Денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Жангелді Шаимбетов қатысты.

Алдымен Облыстық Дін істері басқармасының басшысы Қуаныш Қуантқанұлы келе жатқан ұлық Құрбан айт мерекесімен құттықтап, әкімшілік тарапынан имамдарға әрқашан қолдау көрсететінін айтып, ұсыныс-тілектерін тындады. Ал, Денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Жангелді Мырзагелдіұлы имамдардың халықпен тығыз байланыста екенін ескере отырып, аталмыш мейрамда еліміздің эпидемиологиялық жағдайының ушығуына байланысты санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырды.

Жиналыста «Зекет және қайырымдылық қорының» Қызылорда облысындағы өкілі Оңталап Жидебаев Құрбан айт мерекесіне орай дайындықты баяндады. Бас имам Болатбек Ұласқанұлы ұлық мерекеге имамдардың онлайн және офлайн режимде дайын болу, діни рәсімді мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары тарапынан рұқсат берілген жергілікті қасапханаларда санитарлық ережелерді қатаң сақтау, қасапшыларға шариғат талаптарына сай мал сою ережелерін толықтай түсіндіру, арнайы QURBAN2021.KZ жұмыс штабын бекіту сынды тапсырмалар берді.

Сонымен қатар, Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамдарының жарты жылдық есебі тыңдалды. Болатбек Ұласқанұлы имамдарға ҚМДБ бекіткен 7 бағыт бойынша жұмыстарға басымдық берілуін, ҚМДБ-ның Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен жарық көрген «Ихсан – рухани тәрбие негізі» атты кітапты халыққа насихаттауды, діни мақалаларды көбірек жазуды, карантин жағдайына байланысты онлаин уағыз-дәрістерді жүйелі түрде өткізуді, халық тарапынан қойылған сұрақтарға дер кезінде жауап беруге және жат ағымның алдын алу бойынша жұмыстарды күшейтуді міндеттеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру