Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тараз: Қасапханалардың Құрбан айтқа дайындығы тексерілді

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 13.07.2021 2546 0 пікір
Тараз: Қасапханалардың Құрбан айтқа дайындығы тексерілді

20 шілде – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы көптеген мұсылман елдерінің ғұламаларымен кеңесіп, осындай пәтуа қабылдады. Осыған орай елдегі қасапханалардың Құрбан айтқа дайындығы тексерілуде.

Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев пен мешіт имамдары Тараз қаласындағы қасапханалардың жұмысын бақылады. Бас имам «Исатай 1» және Волков көшесіндегі  қасапханалардың тазалығын, мал сою орындарының дайындығымен танысты.

Қасапханалардың «Мал бауыздау және ет өңдеу», «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға қойылатын жалпы стандарт талаптарын» сақтауы, шариғат және стандартқа сай мал бауыздалуы қатаң тексеріледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру