Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Ауыл мешіті жанынан саябақ ашты

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 12.07.2021 2186 0 пікір
ШҚО: Ауыл мешіті жанынан саябақ ашты

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы «Екпін ауылдық мешітінің» жанынан әсем саябақ ашылды.

Жергілікті азаматтары атсалысып, ауылдық мешіттің ұйтқы болуымен жасалған бұл игі іс тұрғындарды да қуанышқа кенелтті. Саябақтың ашылуына ауыл халқы тұтас жиналып, әжелер шашу шашты.

Карантин талаптарын сақтай отырып өткізлген іс-шараға арнайы қатысқан Тарбағатай ауданы «Ұранхай қажы» мешітінің бас имамы Айдын Жортымов сөз сөйлеп, құтты болсын айтты. «Екпін ауылдық мешіті үлкен игілікті бастамаға себепші болып, елдің алғысына бөленіп отыр. Халық игілігі үшін қандай да бір іс жасау асыл дінімізде сауабы зор делінеді. Бұл саябақ осы ауылдың халқына арналған» деп атап өтіп, атсалысқан азаматтарға алғысын білдірді.

Саябақ ауыл халқының демалыс уақытын мәнді өткзетін көрікті орынға айналып, ауылдың сәніне сән қосып тұр.

Ауыл тұрғындары игі бастамаға разы болып, ұйымдастырушыларға алғыстарын жаудырды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру