Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Діни оңалтуға қатысты семинар өтті

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 12.07.2021 2048 0 пікір
Маңғыстау: Діни оңалтуға қатысты семинар өтті

Маңғыстау облысы дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Дерадикализация және оңалту үдерістері» тақырыбы бойынша жергілікті имамдар мен теологтарға арналған семинар-тренинг өтті.

Семинар жұмысына Маңғыстау облысы дін істері басқармасының басшысы Мақсатбек Шахзадаұлы, өңірдің бас имамы Әнуар Ізімбайұлы, «Отпан» ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығы» қоғамдық қорының басшысы Азамат Нұғыманұлы, Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің PhD докторанты, «Исламтану» кафедрасының аға оқытушысы Нұржан Жақсылықұлы, дін қызметкерлері және теологтар қатысты.

Алғы сөзді алған Әнуар Ізімбайұлы ҚМДБ тарапынан оңалту жұмысына ерекше көңіл бөлініп жатқандығын тілге тиек етіп:

«Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен діни оңалту бағыты бойынша тың жобалар қолға алынып жатыр. Халықты діни жат ағымдардан сақтандыру мақсатында имамдар және теологтар қоян-қолтық жұмыс жасауда. Бүгінгі іс-шараның облыстық мешітте өткізілуі осы сөздеріміздің айқын дәлелі» деді.

Осыдан кейін бас имам Ихсан ілімінің маңыздылығы жайлы кішігірім насихат айтып: «Имамдар мен теологтар осы рухани тәрбие жолын бойларына сіңіруі қажет» деп, семинар қатысушыларына сәттілік тіледі.

Бұдан бөлек жиында қоғамда пікірталас тудырған діни мәселелердің бірі – намаз оқымайтын адамның үкімі талқыланды. Нұржан Жақсылықұлы аталмыш тақырыпқа қатысты әһлу сунна ғылымдарының ұстанымын басқа көзқарастармен салыстыра отырып, теологиялық, діни-құқықтық тұрғыдан түсіндірме берді.

Сондай-ақ, Нұржан мырза қоғамдағы кейбір дін ұстанушы тарапынан туындайтын қатердің алдын алу, шетін топ өкілдерін оңалту жұмыстарына үлес қосу мақсатында Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің проректоры, исламтану ғылымы бойынша PhD доктор, доцент Қайрат Құрманбаевпен бірлесе «Намаз оқымайтын адам – кәпір» атты танымдық еңбектің жазылғанын айтып, жиналған қауымды осы кітаппен танысуға шақырды.

Семинар соңында қатысушылар көкейлеріндегі сауалдарына тұщымды жауаптар алып, арнайы сертификаттармен марапатталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру