Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: ТЖД қызметкерлеріне Ихсан ілімі түсіндірілді

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 28.06.2021 2644 0 пікір
Шымкент: ТЖД қызметкерлеріне  Ихсан ілімі түсіндірілді

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ұйытқы болуымен «Ихсан ілімі – адалдық жолы» атты арнайы семинар ұйымдастырылды.

Семинар жұмысына ҚМДБ-ның Шымкент қаласы, Абай ауданы «Темірші ата» мешітінің имамы әрі аудандық Жастар ісі секторының өкілі Ербол Қалшабек арнайы қатысып, баяндама оқыды.

Семинар барысында «Адам баласы амалында Алла көріп тұр деген сенім болса жамандыққа жанаспайды. Яғни, Ихсан іліміне амал еткен адам түрлі қылмыс пен күнәлі істерден бойын аулақ ұстайды», - деді Ербол Қалшабек.

Басқосу өте әсерлі ұйымдастырылды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптар берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру